Құқықтық ақпарат
www.nestlebaby.kzвебсайтын пайдалану ережелері және пайдаланушылардың дербес деректерін жинау және өңдеу тәртібі.
- Жалпы ережелер
- айте www.nestlebaby.kz сайтына жарияланған бұл құжат(«Оферта»),жария оферта болып табылады, www.nestlebaby.kz интернет-ресурсын («Вебсайт») пайдалану кезінде Әкімші мен Пайдаланушының өзара құқықтары мен міндеттемелерін реттейді.
- Вебсайтты Пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәмелеттік жасқа толған және тіркелу арқылы Офертаны қабылдайтын жеке тұлғалар. Вебсайтқа тіркелмей/авторласпай оны пайдаланушылар да Пайдаланушыларға қатысты ережелер қолданылады.
- Вебсайтты пайдалана отырып, Пайдаланушы Офертаның шарттарымен және ережелерімен толық келіседі, онда жазылған Вебсайтты пайдалану ережелерін, дербес деректерді жинау және өңдеу тәртібін қабылдайды. Оферта талаптарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы Вебсайтты пайдалануды тоқтатуға міндетті
- Пайдаланушы немесе Әкімші тіркелуді тоқтатқанға дейін, пайдаланушыға электрондық пошта арқылы және Жеке кабинетте хабарлай отырып, Оферта мерзімсіз әрекет етеді.
- Вебсайт So Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) компаниясының атына тіркелген, оған «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС компаниясы (БСН 040740000547, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A15E2Y0, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Тимирязев көшесі, 28«В» («Әкімші»)) және «Ракетная фирма» ЖШС компаниясы (БСН 130840013026, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A25H6C9, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бегалин көшесі, 103) әкімшілік етеді. Ақпаратты жинауды Әкімшінің тапсырмасымен «Ракетная фирма» ЖШС жүзеге асырады.
- Пайдаланушыларды тіркеу
- Есептік жазбаны алу үшін Пайдаланушы Вебсайттың тиісті парағында тіркелуге арналған нысанды толтыру арқылы тіркелу рәсімінен өтуі керек.
- Тіркелу кезінде Пайдаланушы мыналарды ұсынады:
• аты-жөні, тегі
• электрондық пошта мекенжайы,
• тұратын қаласы;
• телефон нөмірі,
• туған күні,
• пайдаланушы ана немесе әке ме, балалары бар ма, баланың туылғанын күтіп жүр ме, жүктілік жоспарланған ба деген ақпарат). Тіркелу кезінде Пайдаланушыға логин мен құпия сөз* беріледі, олар кейіннен авторласу және Вебсайттағы жеке кабинетке кіру үшін қолданылады.
*Пайдаланушы құпия сөзді өз бетінше таңдайды, бірақ ұзындығы кемінде 6 (алты) таңбадан тұратын және кіші және бас әріптерді, сондай-ақ сандарды қамтитын құпия сөзді пайдалану ұсынылады.
- Пайдаланушы тіркеу кезінде берілген ақпараттың растығына, өзектілігіне, заңды түрде берілуіне және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне жауапты болады.
- Пайдаланушы үшінші тұлғалардың логині мен құпия сөзінің құпия сақталуына жеке жауапкершілікте болады. Егер Пайдаланушы бұл деректерді біреу анықтады деп санаса, бұл туралы бізге дереу хабарлауыңыз керек. Егер Пайдаланушы оны дәлелдей алмаса, оның логині мен құпия сөзін қолдану арқылы жасалған кез келген әрекеттерді Пайдаланушы жасаған болып саналады.
- Вебсайтты пайдалану:
- басқа адамдарға зиян келтірмеуі, мазаламауы немесе зиян тигізбеуі немесе басқа адамның жеке өміріне қол сұғу құқығын бұзбауы керек;
- ) қандай да бір зияткерлік меншік құқығын теріс пайдаланбауы немесе бұзбауы керек;
- жала жабу (оның ішінде Nestle компаниялар тобының кез келгеніне қатысты), порнографиялық, нәсілшіл немесе ксенофобиялық сипатына болмауы; төзбеушілікті, жеккөрушілікті немесе зорлық-зомбылықты көтермелемеуі немесе өршітпеуі; немесе басқаша жолмен қорламауы немесе қарсылық білдірмеуі керек;
- саяси, діни немесе өзге де орынсыз мәселелерге немесе тақырыптарға қатысты болмауы керек; немесе коммерциялық немесе басқа жарнаманы немесе жарнамалық науқандарды қамтымауы керек;
- жалған, алаяқтық, жаңылыстыратын немесе жаман ойлы болмауы керек; вирустарды немесе зиянды кодты таратпауы; қауіпсіздікке қатер төндірмеуі; немесе біздің сайтымыздың тұтастығына өзгеше түрде қауіп төндірмеуі; немесе
- Вебсайтты зақымдамауы, өшірмеуі немесе шамадан тыс жүктемеуі; немесе
- боттарды немесе өзге де автоматтандырылған кіру құралдарын пайдаланбауы керек;
- Әкімші өз бетінше немесе Әкімшінің тапсырмасы бойынша әрекет ететін үшінші тұлғалар арқылы Пайдаланушыға өзі көрсеткен e-mail-ге ақпараттық немесе жарнамалық сипаттағы ақпаратты жіберуге құқылы. Пайдаланушы алынған хаттағы тиісті түймешені басу арқылы жіберілімдерден бас тарта алады.
- Дербес деректерді жинау және өңдеу.
- Пайдаланушы Вебсайтқа тіркелу арқылы Офертаның және осы бөлімнің шарттарымен келісетінін, атап айтқанда, өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, пайдалануға ерікті түрде келісім беретінін растайды.
- Жиналатын деректердің, оның ішінде дербес деректердің тізбесі Офертаның 2.2-тармағында көрсетілген..
- Дербес деректерді өңдеу мақсаттары.
Әкімші немесе үшінші тұлға Әкімшінің тапсырмасымен Пайдаланушыға Компанияның қызметі және Вебсайттың жұмысы туралы хабардар ету, оның ішінде жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар және түрлі оқиғалар туралы хабардар ету үшін маркетингтік мақсаттарда Пайдаланушының деректерін жинауды, өңдеуді, жинақтауды және таратуды жүзеге асырады. Пайдаланушы Әкімшінің contact@ru.nestle.com электрондық пошта мекенжайына «Жаңа өнімдер мен қызметтер және арнайы ұсыныстар туралы хабарламалардан бас тарту» деген белгімен хат жіберу арқылы ақпараттық хабарламаларды алудан бас тарта алады. - Сондай-ақ Вебсайтта интернет-статистика сервистерінің көмегімен кірушілер туралы иесіздендірілген деректерді (оның ішінде «cookie» файлдарын) жинау және өңдеу жүргізіледі.
- Интернет-статистика сервистерінің көмегімен жиналатын Пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері сайттағы Пайдаланушылардың іс-әрекеттері туралы ақпарат жинауға, Вебсайттың сапасын және оның мазмұнын жақсартуға қызмет етеді.
- Әкімші немесе үшінші тұлға оның тапсырмасы бойынша Пайдаланушының дербес деректерін оларды толтырған және/немесе Пайдаланушы Вебсайтта жарияланған арнайы нысандар арқылы өз бетінше жіберген жағдайда ғана өңдейді. Тиісті нысандарды толтыра отырып және/немесе Әкімшіге өзінің дербес деректерін жібере отырып, Пайдаланушы дербес деректерді жинау және өңдеудің осы тәртібімен келіседі.
- Әкімші немесе Әкімшінің тапсырмасы бойынша әрекет ететін үшінші тұлға Пайдаланушының браузер баптауларында рұқсат етілген жағдайда Пайдаланушы туралы иесіздендірілген деректерді өңдейді («cookie» файлдарын сақтау және JavaScript технологиясын пайдалану қамтылған).
- Әкімші немесе үшінші тұлға тапсырма бойынша өңдейтін дербес деректердің құпиялылығы дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын толық көлемде орындау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
- Пайдаланушы мынадай мәселелерге қатысты сұрау салу арқылы Әкімшінің contact@ru.nestle.com электрондық поштасы арқылы жүгінуге құқылы:
• дербес деректердің жүгінген субъектісіне қатысты және Әкімшіде сақталатын ақпаратты алу,
• бұрын берілген дербес деректерге өзгерістер/толықтырулар енгізу;
• жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда дербес деректер субъектісіне қатысты дербес деректерді бұғаттау, жою;
Әкімші өтінішті алған кезде өтініш берушінің жеке басын растайтын қосымша ақпарат сұратуға құқылы. - Әкімшінің тапсырмасы және қолданыстағы заңнама бойынша оларды өңдеу, сақтау жөніндегі қызметтерді орындауды қоспағанда, Пайдаланушының дербес деректері үшінші тұлғаларға берілмейді.
- Вебсайтқа тіркелу арқылы Пайдаланушы, соның ішінде Nestle компаниялар тобына кіретін компанияларда сақтау мақсаттары үшін ұсынылған дербес деректерді трансшекаралық беруге берген келісімін растайды.
- Ұсынылған және қолда бар ақпаратты толықтыруға, өзгертуге, ұсынуға қатысты барлық мәселелер Әкімші дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты болып тағайындаған тұлғаға жіберілетін болады.
- Балалардың дербес деректері
Әкімші 18 жасқа дейінгі балалардың дербес деректерін жинамайды. Егер Әкімші 18 жасқа дейінгі баланың дербес деректерін байқаусызда жинағанын анықтаса, мұндай деректер базадан дереу жойылады. Алайда Әкімші 18 жасқа дейінгі балалардың дербес деректерін тікелей ата-анасының немесе қамқоршысының бірінен және сол адамның нақты келісімімен жинай алады.
- Авторлық құқық және зияткерлік меншік
- Контент. Барлық зияткерлік меншік құқықтары, соның ішінде сауда белгілеріне деген, авторлық және сабақтас құқықтар, сондай-ақ Әкімші Вебсайтта жариялаған материалдарға, мысалы, мәтіндер, суреттер, логотиптер, фотоматериалдар және бейнематериалдарға деген зияткерлік құқықтар Société des Produits Nestlé, S.A. (Сосьете де Продюи Нестле С.А.) тиесілі немесе олардың заңды иелерінің келісімімен жарияланған («Контент Нестле»). Nestle контенті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қорғалады. Пайдаланушы Вебсайт материалдарын қарауға және одан алынған үзінділерді жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалануға құқылы, бірақ осы материалдарды әрі қарай коммерциялық мақсатта пайдалану үшін барлық жағдайларда Нестле контентін құрметтеуі және оның мазмұнына қол сұқпауыңыз керек, оның ішінде оны автор/құқық иеленушісі ретінде тануыңыз және авторлық құқықтар туралы хабарламаны сақтауыңыз керек (мысалы, © Société des Produits Nestlé, S.A. 2022).
- Бұл ретте келесілерге тыйым салынады:
- біздің вебсайтымыздан шектен тыс, автоматты немесе жүйелі түрде бірдеңелер алу не біздің сайттағы материалдарды басқа сайт, сервис немесе деректер базасы үшін немесе оларды жасау үшін пайдалану не оларды қайта сату немесе тарату мақсатында пайдалану; не
- біздің веб-сайттағы кез келген бағдарламалық қамтамасыз етілімде пайдаланылатын бастапқы кодты оқуға ыңғайлы түрге дейін қайта құрастыру, кері әзірлеуді жүзеге асыру немесе басқаша түрде өзгерту. Егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе, Вебсайтты немесе Нестле контентін кез келген басқа мақсатта пайдалануға, оның ішінде Әкімші өз қалауы бойынша рұқсат бере алатын, тыйым салатын немесе шектей алатын кез келген коммерциялық пайдалануға алдын ала рұқсат алуыңыз керек.
- Кепілдіктерден бас тарту және жауапкершілікті шектеу
- ВЕБСАЙТТА ҰСЫНЫЛҒАН АҚПАРАТ ЖӘНЕ БҮКІЛ КОНТЕНТ СІЗГЕ ДӘЛ СОЛ ҚАЛПЫНДА ЖӘНЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКСІЗ, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ.
Әкімшінің мақсаты – Вебсайтты барлық пайдаланушылар үшін, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін мүмкіндігінше қолжетімді ету. Веб-парақшаларды шолу бағдарламалық қамтамасыз етілімді немесе құрылғы теңшеуді өзгерту арқылы (мысалы, қаріп өлшемін өзгерту) немесе қосымша техникалық құралдарды орнату арқылы жақсартуға болады. Пайдаланушы тәуекел ете отырып Вебсайтқа кіреді, пайдаланады, қарайды және қозғалады. - ВЕБСАЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ БАРЛЫҚ МАТЕРИАЛДЫ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕ ОТЫРЫП ЖҮКТЕЙСІЗ НЕМЕСЕ КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ЖОЛМЕН АЛАСЫЗ. Бағдарламалық жасақтамаға негізделген кез келген сервис сияқты Әкімші Вебсайттың іркілістер мен ақауларға ұшырамайтынына кепілдік бермейді. Дегенмен, Әкімші олар туралы белгілі болғаннан кейін кез келген мәселелерді шешу үшін ақылға қонымды шаралар қабылдайтын болады.
Әкімші Вебсайттан кез келген материалды алу, пайдалану немесе жүктеу немесе IT-жүйелерге кез келген заңсыз кіру немесе араласу себебінен Пайдаланушының компьютерлік жабдығына немесе басқа мүлкіне зиян келтіруі мүмкін кез келген залал немесе вирус үшін ешқандай жауапкершілікті өзіне алмайды. Әкімші біздің Вебсайтымызды пайдаланбас бұрын Пайдаланушының компьютерлік жүйесінің жарамдылығы мен үйлесімділігін, оның ішінде антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етілімді орнату сияқты қауіпсіздік мәселелерінен қорғайтын сақтық шараларды тексеруді ұсынады.
Әкімші кез келген уақытта өз қалауы бойынша уақытша немесе тұрақты негізде, оның ішінде техникалық себептер бойынша Вебсайттың жұмысын уақытша тоқтата алады немесе тоқтата алады. Әкімші бұл туралы Пайдаланушыға алдын ала хабарлай алады, бірақ бұл міндетті емес.
Әкімші өз тарапынан болған немесе кез келген үшінші тараптың іс-әрекеттерінен немесе кемшіліктерінен туындаған Вебсайттың кез келген немесе барлық функцияларын тоқтатқаны немесе уақытша тоқтатқаны үшін өзіне ешқандай жауапкершілік алмайды немесе кез келген сипаттағы міндеттемелерді қабылдамайды.
- ВЕБСАЙТТА ҰСЫНЫЛҒАН АҚПАРАТ ЖӘНЕ БҮКІЛ КОНТЕНТ СІЗГЕ ДӘЛ СОЛ ҚАЛПЫНДА ЖӘНЕ ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІКСІЗ, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ТҮРДЕ БЕРІЛЕДІ.
- Ақпаратты өзгерту
- Әкімші өз ұйғарымы бойынша бүкіл Вебсайтты немесе оның бір бөлігін, соның ішінде кез келген уақытта контенттің ақпараттық мазмұнын құрайтын деректерді қосу, жою, түзету немесе өзгерту арқылы өзгерте алады. Әкімші бұл туралы Пайдаланушыға алдын ала хабарлай алады, бірақ бұл міндетті емес.
- Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін Вебсайтта Әкімші басқармайтын және бақыламайтын басқа сайттарға берілген гиперсілтемелер болуы мүмкін. Әкімші мұндай сайттар үшін ешқандай жауапкершілікте болмайды және олардың контентіне, заңды күшіне, дәлдігіне немесе функцияларына байланысты кез келген жауапкершілік пен міндеттемелерден бас тартады.
- Басқа да шарттар
- Әкімші соңғы редакцияның күні мен нөмірін көрсете отырып, Вебсайтта офертаның жаңа шарттарын жариялау арқылы Офертаға біржақты тәртіппен өзгерістер енгізеді.
- Әкімші ақылға қонымды шаралармен алдын алуға болмайтын еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдарынан Офертаны ішінара немесе толық сақтамағаны үшін жауапты болмайды. Оның ішінде Әкімші желілік шабуылдар немесе Сайтты бұзу (оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмейді), техникалық себептерден туындаған Вебсайт жұмысындағы ақаулар үшін де жауапты емес.
- Вебсайтта жарияланған ақпарат, оның ішінде барлық графикалық кескіндер, тауар белгілері, мәтіндік ақпарат, бағдарлама кодтары және т.б. Société des Produits Nestlé, S. A. (Сосьете де Продюи Нестле С. А.) меншігі болып табылады және авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы, сондай-ақ тауар белгілері туралы заңнамамен қорғалған. Рұқсатсыз көшірудің (толық немесе ішінара) кез келген жағдайы жауапкершілікке тартылуы мүмкін (Офертаның 4-тарауын толығырақ қараңыз).
- Осы Оферта бойынша құқықтық қатынастардан туындайтын барлық дау-дамайлар мен келіспеушіліктер келіссөз жүргізу арқылы шешіледі. Келіссөздер барысында туындаған дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар талап қою тәртібін міндетті түрде сақтай отырып, Компанияның орналасқан жері бойынша Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының сотына шешуге берілуі тиіс. Шағымға жауап беру мерзімі алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
- Ұсыныстың бұл нұсқасы ағымдағы болып табылады және барлық алдыңғы нұсқаларын ауыстырады
Сұрақтар туындаған жағдайда Пайдаланушы contact@ru.nestle.com электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.
Редакция 0.1
Күні: 24.02.2022 ж.