Перзентханаға өзімен бірге не апару керек?
Перзентханаға баруға дайындық болашақ аналар үшін, әсіресе жүктіліктің соңғы апталарында маңызды кезең болып табылады. Босану басталған кезде асығыс-үсігіс жиналмау үшін қажетті заттарды алдын-ала дайындау маңызды. Біз болашақ ата-аналарға өмірдегі ең маңызды оқиғалардың біріне дайындалуға көмектесетін ұсыныстарды жинадық.
Қажетті құжаттар
Перзентханаға барар алдында ауруханаға жатқызу үшін қажет болуы мүмкін барлық құжаттардың жиналғанына көз жеткізіңіз:
- Жеке куәлік немесе төлқұжат;
- Медициналық сақтандыру полисі (егер қолданылса);
- Жүкті әйелдің медициналық картасы (барлық тексерулердің нәтижелерімен);
- Дәрігерден жолдама (қажет болса).
Перзентханада жайлы болу үшін келесі заттарды дайындаңыз:
- Емізуге арналған түймелері бар іш көйлек, халат;
- Бір рет қолданылатын бірнеше іш киім және емізуге арналған емшекқаптар;
- Босанғаннан кейінгі төсемдер;
- Сүлгілер (бетке және денеге арналған);
- Тәпішке (душқа арналған резеңке және палата үшін қарапайым);
- Жеке күтім өнімдерінің минималды жиынтығы: тіс щеткасы, тіс пастасы, сусабын, сабын, тарақ, дымқыл майлықтар;
- Компрессиялық шұлықтар: кесарь тілігі үшін міндетті, сонымен қатар тамырлардың варикозды кеңеюі бар әйелдерге қажет;
- Босанғаннан кейінгі бандаж - пайдалы, бірақ міндетті нәрсе емес;
Жаңа туған нәрестеге арналған заттар
Сіздің сәбиіңізге да бірнеше нәрсе қажет болады:
- Жаңа туған нәрестелерге арналған жөргектер (тәулігіне 8-12 есебінен);
- Нәрестеге арналған бірнеше киім жиынтығы (боди, жейделер);
- Жаялықтар;
- Телпек пен шұлықтар;
- Қолғаптар (тырнамау үшін қолғаптап).
Жаңа туған нәрестеге арналған барлық заттарды жуу және үтіктеу қажет екенін ескеру қажет!
Жайлылыққа арналған заттар
Перзентханада болуды ыңғайлы ету үшін келесілерді алуды ұмытпаңыз:
- Ұялы телефон және қуаттау құрылғысы;
- Су және жеңіл тағамдар (перзентханада рұқсат етілген және тыйым салынған тағамдардың тізімін (босанғаннан кейін) алдын ала перзентханадан нақтылап білу керек. Сондай-ақ, жүктілікті бақылайтын дәрігердің ұсыныстарын ескеру қажет);
- Емізік кремі сияқты дене күтімі өнімдері;
- Ойын-сауыққа арналған кітаптар, журналдар немесе планшет;
- Перзентаханадан шыққанда киетін киім.
Перзентаханадан шыққанда сізге және нәрестеге ауа-райына сай киімдер қажет болады. Бала үшін бұл жыл мезгіліне байланысты жылы комбинезон, жеңіл костюм, маусымға арналған конверт болуы мүмкін. Ана үшін – ішті қыспайтын кең, ыңғайлы киім.
Қорытынды
Перзентханаға баруға дайындық - бұл Сіздің жайлылығыңыз бен кішкентайыңыздың денсаулығына қамқорлық жасау мүмкіндігі. Алдын ала дайындық сізді босану басталған кездегі қажетсіз уайымнан құтқарады және бар назарды қуанышты сәтті күтуге аударуға мүмкіндік береді.
Сөмкелерді жинауды бастамас бұрын, перзентханаға барып, қажетті заттардың тізімімен танысыңыз. Мүмкін кейбір заттарды алудың қажеті жоқ шығар.
Өзіңізбен бірге тым көп заттарды алып жүрмеу үшін, бір сөмкенің орнына нөмірлеп, төрт сөмке дайындаған ыңғайлы:
- Сөмке № 1 - онымен сіз перзентханаға барасыз;
- Сөмке № 2 - оны сізге босанғаннан кейін әкеледі;
- Сөмке № 3 - перзентханадан шығу үшін балаға арналған заттар;
- Сөмке № 4 - перзентханадан шығу үшін анаға арналған заттар.
Жазу кезінде келесі материалдар қолданылды:
- "Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы