Бала 8 айлық. Ол қалай өседі және дамиды?

Бала 8 айлық. Ол қалай өседі және дамиды?

 

Сіздің сәбиіңіз 8 айға толғанда, оның дамуы, дағдылары, өсуі, тамақтануы, ұйқысы туралы көбірек сұрақтар туындайды... Сәби туралы осы және басқа да сұрақтарға жауапты мақаладан іздеңіз.

Физикалық даму

8 айлығында сіздің балаңыз өсуді, жақсы тамақтануды және салмақ қосуды жалғастырады. 8 айлық ұл баланың салмақ нормасы 8-9,3 кг, қыздарда — 7,3-8,6 кг аралығында1. Сәбилердің салмағы ғана емес, оның денесінің ұзындығы да артады. 8 айлық ұл баланың дене ұзындығының нормасы 69,1 см-ден 72,1 см-ге дейін, қыз үшін 67,2 см-ден 70,3 см-ге дейін2.

Баланың дамуы

Қозғалыс белсенділігі

Бала одан әрі қарай еңбектейді, оның бұлшық еттері қатая түседі, өздігінен алғашқы қадамдар жасауға дайындалады. Сіздің балаңызда вестибулярлық аппарат белсенді түрде дамиды. Ол күн сайын ойнап және еңбектеп, тепе-теңдікті сезінуін жаттықтырады.

Факт.

Кейбір сәбилер 8 айлығынан бастап тіреуішті ұстап тұрып, тізеге, аяққа тұра бастайды.

Бала өзі отырады және орнын өзгерте алады, мысалы, бір жерден екінші жерге ауысып отырады.

Сәби еңбектеу жылдамдығын арттырады. Ол қазірдің өзінде төрт аяқтап еңбектей алады. Оған кілемде өзіндік ерекше «жарыс» жасаған ұнайды3.

Сөйлеу

Сіздің балаңыз 8-9 айлығында әр түрлі буындарды анық, қатты және қайталап айтуы қажет4. Бұл жас модулденген былдырмен сипатталады: жаңа дыбыстар мен екпіндер пайда болады, бала буын тізбегін айтады. Сіздің балаңыз 8-10 айларға қарай өз атын біледі және егер оның аты аталған болса, жауап бере бастайды. Ересектердің атымен аталғандарға көзқарасты аударады.

Ол ата-анасының: «болмайды», «күте тұр» деген сөздеріне тына қалуы мүмкін. Сәби алақан соғу ойынын ойнағанды ұнатады, «сау бол-сау бол» деп қол бұлғайды5.

Ол «алақан соғу» сияқты ойындар ойнағанды, қол шапалақтағанды ұнатады. Егер ол әжесін, атасын, әкесін немесе әпкесін көрсе6.

Эмоциялар

Сіздің балаңыз бет әлпетін, дауыс екпінін өзгерту, жаңа қимылдарды қосу арқылы эмоцияларды айқынырақ көрсетеді. Бала қолға отырғысы келмейтіндігін білдіре отыра, еңбектеп үйреніп, дербестікке ұмтылады. Сәби үйді анасының немесе әкесінің көмегінсіз, тіпті олардың сүйемелдеуінсіз зерттегенді жөн көреді. Жәшіктерді ашу - оны қуанышқа бөлейді. Кішкентай зерттеушіде жаңа заттар, сырмалы құлыптар, түймелер, қалталар, тұтқалар, кілттер көптеген жарқын эмоциялар тудырады.

Ересек туыстарының беттерін сипап  қарау, шашты бақылау, сонымен қатар өзінің денесін зерттеу: басын, қолын, аяғын, ішін сипап қарау - балаға өте қызықты.

Тамақтану

Балаңыздың тамақтану режимі қайтадан өзгереді. Күндіз сәби өз ісімен, бөлмелер мен сөрелерді  зерттеумен мүлде уақыты  болмағандықтан, тіпті кеудеге бару керек екенін ұмытып кетуі мүмкін.

Шамамен 4-6 айдан бастап сәбидің диетасына қосымша тамақ енгізіледі. 8 айлығында бала ботқаны, көкөніс езбесін қуана жейді және сіз оны ет езбесімен таныстырдыңыз. Шамамен 8 айдан бастап дәрігер сізге балық езбесін енгізуді ұсынуы мүмкін. Өнеркәсіптік өндірістегі балалар тағамына артықшылық берген дұрыс7.

Күн тәртібі

8 айлық баланың күн тәртібі әзірге өзгермейді. Ұйқының жалпы ұзақтығы - 13,5-14 сағат.

Жас ерекшеліктері

8 айлық балаларда осы жасқа тән кейбір қызықты ерекшеліктерді байқауға болады.

Қол шапалақтайды – «алақан соғу» ойнайды, қолымен «сау бол-сау бол»  деп бұлғайды, ересектерге қолын созады; кішкентай заттарды оңай алады, оларды үлкендеріне салады, пирамидаға қызығушылық танытады; ересектерге еліктейді, кейбір сөздерді – «беріңіз», «міне», «қайда?» түсінеді , ересек адаммен ойын байланысын жасайды. Өзі қолында кептірілген нан, бір тілім нан, алма ұстап, оларды кеміреді.

Сәбиіңіздің дамуын бақылау өте көңілді және қызықты, өйткені ол күн сайын өсіп, әрқайсысына эмоционалды түрде жауап бере отырып, көптеген жаңа жаңалықтар ашады.

  1. Физическое и психосоциальное развитие детей раннего возраста (0-5 лет). ЮНИСЕФ. Астана, 2014. С. 13.
  2. Физическое и психосоциальное развитие детей раннего возраста (0-5 лет). ЮНИСЕФ. Астана, 2014. С. 38.
  3. Ж. В. Цареградская. Ребенок от зачатия до года. С. 174.
  4. Е. П. Меркулова, А. М. Левая-Смоляк, К. Н. Устинович. Характеристика слуховой функции у детей раннего возраста. Учебно-методическое пособие. Минск БГМУ 2014. С. 16.
  5. Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан. ЮНИСЕФ. Учимся быть хорошими родителями для детей в возрасте от 0 до 3 лет. С. 17.
  6. Государственное автономное учреждение Иркутской области "Центр психолого-педагогической, медицинской и социальной помощи". Информация для родителей и специалистов служб ранней помощи. Развитие зрения у детей до 1 года. Иркутск. С. 4.
  7. Программа оптимизации вскармливания детей первого года жизни в Российской Федерации. Москва, 2019. С. 31.
наверх

Nestlé Baby & Me клубына қосылыңыз

Обратная связь
Кері байланыс
Полезные онлайн-программы
Пайдалы онлайн-бағдарламалар
Скидки от наших партнёров
Біздің серіктестерден жеңілдіктер
Всё о развитии и питании малыша
Баланың дамуы мен тамақтануы туралы