Жүктіліктің 14-ші аптасы

 

Сіз жүктіліктің ең тыныш кезеңіндесіз. Екінші триместрде токсикоздың жағымсыз белгілері қалпына келіп, денсаулығыңыз жақсарады.

Жүктілік 14 апта: ұрықтың дамуы.

Жүктіліктің алғашқы 14 аптасы - органогенез кезеңі, яғни баланың денесінде мүщелердің дамуы жалғасады[1]Жүктіліктің екінші триместрінде ұрықтың өсуі қарқындай түседі, болашақ ананың мүшелеріне түсетін жүктеме де артады. Бұл триместрдегі жүкті әйелге негізгі қоректік заттар, сонымен қатар тамақпен бірге алауы тиіс, дәрумендер мен микроэлементтер қажет екенін білдіреді. Сондықтан үйлесімді және сапалы тамақтану ұсынылады[2].

Шамамен жүктіліктің 14-15 аптасында нәрестенің сыртқы жыныс мүшелері дамиды. Кішкентай саусақтарда тырнақ өсе бастайды. Бала қазірдің өзінде қимылдап, белсенділік таныта бастайды, бірақ бұл болашақ анаға әлі байқалмайды.

Баланың бойы шамамен 7-10 сантиметр, салмағы 40-50 грамм[3].

Жүктіліктің 14 ші аптасы: болашақ ананың денсаулығы

Егер жүктілік басталғанға дейін сіздің дене бітіміңіздің сымбаттылығына қошемет сөздер айтылса, енді сіздің ішіңіз жүктіліктің шамамен 14-ші аптасынан бастап айналадағыларға байқалады. Әрине, іш айтарлықтай байқалмайды, сондықтан басқалар мұны қалыпты салмақ қосу деп ойлауы да мүмкін.

Болашақ ана бұл кезеңде салмақ қосуды жалғастыралы, оның жатыры ұлғая бастайды, себебі нәресте өсіп келеді.

Факт

Бұл кезеңде жүкті әйелдерде әдетте ұрықтың өсуімен байланысты іште ерекше сезімдерді байқалмайды.

Мұндай әлі шағын мерзімде сіздің кішкентай ішіңіз әлі қозғалысыңызды қиындатпайды және әдетте жасайтын жұмыстарыңызға кедергі келтірмейді. Сіз ертерек кезеңдегідей, көңіл-күйдің өзгеруіне және өзіңізді нашар сезінуге бейім емессіз. Сондықтан нәрестені күтудің бұл кезеңі әдетте «алтын» кезең деп аталады

ҚЫЗЫҚ

Жүктіліктің шамамен 14-ші аптасында, іші енді-енді байқала бастаған кезде, болашақ аналар оны суретке түсіргісі келеді. Суретке қарап, барлық сезімдеріңізді еске алу қаншалықты жағымды болатынын елестетіп көріңіз, ал ересек баланың қалай өскенін зерттеу қаншалықты қызықты болады.

Дәрігерге бару

11–14 апта - жоспарлы скрининг кешенінде болашақ ана үшін жүктілік кезіндегі алғашқы УДЗ уақыты. Осы кезеңде болашақ ана қан және зәр талдауынтапсыруы тиіс.

Осы кезеңде дәрігер УДЗ нәтижелері бойынша жүктіліктің нақты мерзімін анықтай алады, сондай-ақ АБК (алдын ала босану күнін) белгілей алады [4].

Білу пайдалы

Жүктілік кезінде гестациялық қант диабетін (ГҚД) даму қаупі бар, бұл тек жүктілікпен байланысты және қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауымен сипатталатын ауру [5]. Жүкті әйелдерде қант диабетінің белгілері, әдетте, айқын байқалмайдыі. Бұл ауруды жіберіп алмау үшін дәрігер сізді үнемі тексеруге жіберіп отырады[6].

Жүкті әйелдің рационы

Эндокриндік жүйенің, соның ішінде қалқанша безінің белсенділігі өзгереді. Өз рационыңызға теңіз қырыққабаты, балық (әсіресе нәлім), құрма сияқты йодқа бай тағамдар  қосуды ұмытпаңыз, тағам дайындау үшін йодталған тұзды қолданыңыз. 14-ші аптада баланың қаңқасы дамып, өсіп келе жатқандықтан, рационға кальций мен D дәруменіне бай тағамдарды қосу керек, бұл тізімге сүт, үрмебұршақ және басқа да бұршақ дақылдары, жасыл түсті көкөністер, кептірілген жемістер кіреді. Қажет болса, дәрігер дәруменді минералды кешендерге кеңес береді.

Болашақ ананың иммунитеті жүктілік кезінде сәл өзгеше жұмыс істейді, сондықтан ауру адамдармен байланыста болмас үшін осы кезеңде адамдар көп жиналатын жерлерден сақ болу керек.

Жүктілік кезіндегі дене жаттығулары. Егер дәрігер дене жаттығуларына тыйым салмаса, онда нәрестені күтудің барлық кезінде де, сондай-ақ осы кезеңде де болашақ анаға білікті нұсқаушының бақылауымен жүкті әйелдер үшін жүзу, йога жасау пайдалы болады. Сабақтың ұзақтығы әр әйелге жеке белгіленеді.

Назар аударыңыз. Секіру, күрт қимылдайтын, жүгіріп орындайтын жаттығулардан аулақ болған жөн[7].

14 апталық кезеңде жүкті әйелге таза ауада серуендеу, табиғатта демалу пайдалы, өйткені оттегі қажеттілігі артады. Күн сайын кем дегенде бір сағатқа созылатын серуендеу, сондай-ақ жатар алдында серуендеу ұсынылады.

Маңызды

Жүкті әйелдерге (22 градусқа дейін температурада) жылы ауа және күн ванналарын қабылдауға кеңес беріледі. Мұндай ванналарды қабылдауды күн сайын 5 минуттен бастаған жөн. Күнделікті уақытты 2-3 минутқа көбейтіп, процедуралардың ұзақтығын біртіндеп арттыруға болады. Мұндай ванналардың жалпы уақыты 20-25 минуттан аспауы тиіс. Ваннаны ашық ауада, верандада, балконда қабылдауға болады

Егер дәрігер қарсыкөрсетілімдер белгілемесе, бұл кезеңде жыныстық қатынасқа тыйым салынбайды.

Жүктіліктің екінші триместрінің басталуы - бұл жүктіліктің ерте белгілері туралы алаңдаушылық білдіретін, жаңа психологиялық және физиологиялық өзгерістер алмастырылатын сезімге толы уақыт.

  1. В. И. Дуда. Акушерство: учеб. / В. И. Дуда. - Минск: РИПО, 2013. ISBN 978-985-503-273-2. С. 83.
  2. Программа оптимизации вскармливания детей первого года жизни в Российской П78 Федерации: методические рекомендации / ФГАУ «НМИЦ здоровья детей» Минздрава России. — М.: б. и., 2019. С. 12.
  3. В. И. Дуда. Акушерство: учеб. / В. И. Дуда. - Минск: РИПО, 2013. ISBN 978-985-503-273-2. С. 86.
  4. Акушерство: национальное руководство / под ред. Г. М. Савельевой, Г. Т. Сухих, В. Н. Серова, В. Е. Радзинского. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2018. - 1088 с. - (Серия "Национальные руководства"). - ISBN 978-5-9704-4551-8.- С. 173.
  5. Н.А. Барбараш, О.Л. Барбараш, С.В. Калентьева. Организм женщины при беременности: экстрагенитальные изменения (обзор литературы). УДК 612.63 – 055.2. С. 109.
  6. М.Ф. Додхоева, Д.А. Пирматова. Гестационный сахарный диабет: современный взгляд на актуальную проблему. doi: 10.25005/2074-0581-2018-20-4-455-461. С. 457.
  7. Акушерство: национальное руководство / под ред. Г. М. Савельевой, Г. Т. Сухих, В. Н. Серова, В. Е. Радзинского. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2018. - 1088 с. - (Серия "Национальные руководства"). - ISBN 978-5-9704-4551-8. - С. 144.
наверх

Nestlé Baby & Me клубына қосылыңыз

Обратная связь
Кері байланыс
Полезные онлайн-программы
Пайдалы онлайн-бағдарламалар
Скидки от наших партнёров
Біздің серіктестерден жеңілдіктер
Всё о развитии и питании малыша
Баланың дамуы мен тамақтануы туралы